jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Перуашев парламенттік басқару жүйесіне көшу қажеттігін айтты

    Азат Перуашев сидит за столом
    Азат Перуашев. Фото: Akzhol.kz

    "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев парламенттік басқару жүйесіне көшуді ұсынды деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Оның сөзінше, бюрократия мен қарапайым азаматтардың биліктен тыс қалуына қарсы ең тиімді құрал – мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғам алдындағы есеп беруі. Бір сөзбен айтқанда - демократия, дейді партия төрағасы.

    Перуашев демократия парламентаризмнің негізгі институттары болып саналатын парламент және жергілікті мәслихаттар арқылы қоғамдық мүдделерді алға жылжыту принципіне сүйенетінін жеткізді.

    "Демократия дегеніміздің өзі – парламентаризм. "Ақ жол" демократиялық партиясы парламентаризм институттарын күшейтуді және кезең-кезеңімен президенттік жүйеден парламенттік республикаға көшу бастамасын қолдайды", - дейді ол.

    Перуашевтың сөзінше, қазіргі кезең билік монополиясынан мемлекеттік мәселелерді шешуде балама пікірлерді ескеретін тепе-теңдік жүйесіне жоспарлы түрде көшу мүмкіндіктерін туғызған.

    "Ұлттық сенім кеңесі ғана емес, Ұлттық сенім Үкіметі де қажет. Қазіргі конституцияға сәйкес, президент биліктің барлық тармағының өзара іс-қимылына кепіл болады. Бұл Президент фигурасының парламент пен үкіметтен бірдей қашықтықта болуы қажеттігін білдіреді. "Ақ жол" демократиялық партиясы Үкімет құрамын мемлекет басшысы емес, парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия бекітуі тиіс. Партия тізімді Президентке бекітуге ұсынады және өз үкіметінің барлық жетістігі мен сәтсіздігі үшін жауапты болады. Дамыған демократиялардың тәжірибесі осылай, - деді ол.

    Еске сала кетсек, осыған дейін "Ақ жол" демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында төраға Азат Перуашев Қазақ Республикасы атауын қайтаруды ұсынған еді.

    Перуашев парламенттік басқару жүйесіне көшу қажеттігін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.