jitsu gif
Саясат

    Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін мемлекеттік қызметші күні. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды осы мерекемен құттықтаймын! Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін", – деп жазды президент Twitter желісінде.

    Айта кетейік, елімізде мемлекеттік қызметшілердің жұмысына жаңашылдық енгізілмек. Енді олар келісімшарт бойынша жұмыс істей алады. Жобаның бағытына байланысты әр саладан мамандар тартылады.

    "Кез келген мемлекеттік органда жүзеге асырылатын нақты жоба бар. Ол үшін саланы білетін маман қажет. Мемлекеттік қызметкерлер арасында мұндай адамдар әрдайым бола бермейді, сондықтан бұл адамдар келісімшарт бойынша жалданады. Оларға жобаға сәйкес бөлек жалақы қойылады. Жоба жүзеге асырылғанға дейін жұмыс істейді", – дейді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.