jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Тағы бір депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

    Мәжіліс1
    Фото: parlam.kz

    Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев депутаттық өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, депутат Нұрлан Қылышбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтату туралы өтініш жасаған.

    Сенаторлар орталық сайлау комиссиясының тиісті ұсынысын қолдаған.

    "Мен сіздермен бірге жұмыс істегеніме және әріптес болғаныма өте қуаныштымын және ризамын. Өздеріңізбен бірге заң жобаларын қарадым, заң қабылдадым, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, өңірлерімізді дамытуға атсалыстым.

    Алдағы уақытта да еліміздің игілігі үшін жұмыс істейтін боламыз деп ойлаймын", – деді Қылышбаев өз кезегінде.

    Еске сала кетейік, кеше парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылғаны белгілі болды.

    Тағы бір депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.