jitsu gif
Саясат

    Тоқаев ел аумағына ҰҚШҰ күштерінің орналастырылуына қатысты нақты түсіндірме жасады

    Келіссөз
    Фото: Ақорда

    Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен виртуалды кездесу өткізіп, келіссөз жүргізген Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағына ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштері құрамының орналастырылуы жөнінде нақты түсіндірме жасады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

    "Бітімгерлік күштері әскери операцияларға қатыспайтынын ашып айтқым келеді. Олардың негізгі міндеті – Алматы қаласы мен Қазақстан астанасындағы стратегиялық нысандарды қорғау. Бұл қазақстандық күштік құрылымдардың лаңкестерге қарсы іс-қимылдарын жүзеге асыруына мүмкіндік береді. ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 2-ші және 4-ші баптарына сәйкес орналастырылды. Олар Қазақстандағы жағдай толық тұрақтанғанша болады", – деді Тоқаев.

    Президент Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін сақтауға бейіл екенін атап өтіп, Еуропалық Одақтың институттарымен және оған мүше мемлекеттермен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын нақтылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметін мұқият тыңдаған Шарль Мишель еліміздегі соңғы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі білуге мүмкіндік берген осы виртуалды кездесудің зор пайдасы болғанын айтты. Ол Қазақстандағы оқиғаларға қатысты әртүрлі түсіндірмелерден гөрі осылай шынайы ақпарат алудың маңызды екеніне тоқталды.

    "Біз Сіздің еліңіздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз. Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз", – деді Еропалық кеңестің президенті.

    Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар сыртқы құрылымдар деңгейінде тұрақты байланыс жасап тұруға уағдаласты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.