jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Петропавл әкімі қала атауын өзгерту туралы петицияға пікір білдірді

    Қаланың орталық алаңы
    Фото: gov.kz

    Интернетте, әлеуметтік желілерде петиция пайда болды. Оның авторлары Петропавл қаласын Қызылжар деп өзгертуді ұсынған. Бұған қатысты қала әкімі Болат Жұмабеков Facebook желісіндегі ресми парақшасында пікір білдірді.

    Петиция авторлары Петропавлды Қызылжар, Павлодарды Ертіс деп өзгертуді ұсынған. Қазіргі уақытта 38 мыңнан астам адам дауыс беріп үлгерген. Олардың 25 мыңы бұл идеяны қолдаса, 13 мыңы келіспейтіндерін жеткізіпті.

    Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков жағдайға қатысты пікір білдірді.

    "Мен, қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы онлайн-петицияның жақтастары мен қарсыластарының пікірталастары жүріп жатқанын байқадым.

    Бұл петицияны жеке тұлға мемлекеттік емес сайтта жасағанын атап өткім келеді.

    Мемлекеттік органдардың бұл бастамаға қандай да бір қатысы жоқ.

    Қала әкімдігінің күн тәртібінде қайта атау туралы мәселе көтерілмегенін ресми түрде мәлімдегім келеді. Бұл мәселе туындаған жағдайда да, оны қарау біздің қаламызда тұратын халықтың пікірін ескере отырып, елдің ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады.

    Сондықтан азаматтарды өзара құрмет көрсетуге шақырамын және әлеуметтік желілерде пікір қалдыру кезіндегі жауапкершілік туралы еске салғым келеді.

    "Жаңа Қазақстанда біз әрдайым "әр түрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт" қағидатын ұстануымыз қажет", - деп айтқан болатын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

    Біздің қаламыздың тұрғындары президентпен бірдей пікірді ұстанып және біз бір-бірімізбен қатысты жоғары мәдениет танытатынымызға сенімдімін", - деді Петропавл қаласының әкімі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.