jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Өскемен әкімі Қайрат Сатыбалдыұлы және Бекболат Тілеуханның туысы екені рас па: Жақсылық Омар жауап берді

    Жақсылық Омар мен Асхат Ниязов
    Өскемен әкімі Жақсылық Омар мен журналист Асхат Ниязов. Видеодан кадр: Instagram/asshot.inc

    Журналист Асхат Ниязов өзінің Instagram парақшасында Өскемен әкімі Жақсылық Омармен болған сұхбатын жариялады. Ол қазір қамауда отырған Қайрат Сатыбалдыұлымен және бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханмен туыстық байланысы туралы сұраққа жауап берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Сіз Қайрат Сатыбалдыұлының туысы екеніңіз рас па?", - деді журналист.

    "Жоқ, әрине", - деп жауап қатты Өскемен әкімі.

    "Ал Бекболат Тілеуханның?", - деді тілші.

    "Жоқ", - дейді Жақсылық Омар.

    Одан бөлек БАҚ өкілі әкімнің жұбайы мәжілістің бұрынғы депутатының туысы емес пе деген сұрақ та қойды.

    "Олар бір ауылдан. Анасы жақтан туыстық байланыстары бар, бірақ... Бір ауылдан, Қарағанды облысынан", - дейді қала басшысы.

    Сондай-ақ Жақсылық Омар мәжілістің экс-депутатымен араласпайтынын да атап өтті.

    Ал журналист шенеуніктің Қайрат Сатыбалдыұлымен және Бекболат Тілеуханмен тойда бірге түскен суретін көргенін жеткізді. Оның сөзінше, бұл фотошоп та болуы мүмкін. Десе де журналист мұны қаншалықты шынайы фото екенін нақтылағысы келген.

    "Сіз өтірік айтып тұрсыз немесе шатастырып тұрсыз. Бұл қайда болды? Түскен жоқпыз. Бар болса көрсетіңіз. Білмеймін, менің Қайрат Сатыбалдұлымен бір жерде суретке түскенім есімде жоқ. Бекболат Тілеуханға қатысты да ештеңе айта алмаймын. Бірақ мен әлеуметтік мәселелермен айналыстым, ол ұлттық спорт түрлері федерациясын басқарды. Бәлкім, қандай да бір ортақ іс-шараларда түскен шығармыз. Бір рет түстік, бірақ ол Бекболат Тілеуханның немесе Қайрат Сатыбалдыұлының тойы емес", - дейді Өскемен әкімі.

    Айта кетейік, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігі 2021 жылдың желтоқсан айында мерзімінен бұрын тоқтатылған еді.

    Ал Қайрат Сатыбалдыұлының биыл наурыз айында ұсталғаны белгілі болды.

    Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша күдікке ілінген.

    Өскемен әкімі Қайрат Сатыбалдыұлы және Бекболат Тілеуханның туысы екені рас па: Жақсылық Омар жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.