jitsu gif
Саясат

    Алматы қаласы ПД басшысы қызметінен кеткен Қанат Таймерденов тұрғындарға алғыс айтты

    Алматы қалалық ПД басшысы
    Фото: Қанат Таймерденов/Facebook

    Таяуда ғана Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы қызметінен кеткен Қанат Таймерденов өзінің Facebook парақшасында шаһар тұрғындарына үндеу жасады.

    "Қымбатты достар! Құрметті алматылықтар! Екі жарым жыл бойы біз бірге еліміздің ең ірі шаһарында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді шешу үшін тығыз жұмыс жасадық.

    Менің тәжірибемде, бұл, қаладағы қылмыстық жағдайды тұрақтандыруға және жазатайым оқиғаларды азайтуға мүмкіндік берген қоғаммен ең жемісті ынтымақтастық болды десем де болады", - деді ол.

    Оның сөзінше, тұрғындармен бірге қалалық қоғамдық көліктерді, жалпы білім беретін мектептерді, колледждерді, азаматтардың жаппай жүретін орындарын, сондай-ақ тергеушілер, анықтаушылар мен жедел уәкілдердің кабинеттерін қамтитын бейнебақылау жүйелерін кеңейту мәселелері де шешілген.

    "Сонымен қатар Алматы полициясының қызметтік үлгіге көшуінің аралық қорытындылары шығарылды. Қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, таяу болашаққа арналған басым жоспарлар белгіленді. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде Алматыда қылмыстық жағдай тұрақты және бақылауда. Әлі де атқарылатын жұмыстар бар екендігі рас.

    Достар! Сіздерді алдағы уақытта да қаладағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін шешуге белсенді атсалысуға шақырамын. Бірлескен жұмыстарыңыз үшін алғысымды айтамын.

    Алматы қаласы ПД қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамына жанқиярлық және кәсіби еңбектері үшін ерекше алғыс айтамын", - деп жазды Қанат Таймерденов.

    Еске сала кетсек, 25 маусымда Қанат Таймерденовтің Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кеткенін жазған едік.

    Кейінірек оның Ішкі істер министрлігінің Орталық аппаратына лауазымды қызметке ауыстып жатқаны белгілі болды.

    Алматы қаласы ПД басшысы қызметінен кеткен Қанат Таймерденов тұрғындарға алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.