jitsu gif

    Тоқаев: Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған

    Семей
    Семей қаласы. Фото: semeytany.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына ұшып барды. Президент жұмыс сапары барысында Семейдің инфрақұрылымына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды.

    "Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиянды қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті.

    Сондықтан, үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық", - деді мемлекет басшысы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.