jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев: Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр

    Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысында сөз сөйлеуде. 20 қазан 2022 жыл
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

    Жетісу облысына іссапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі несие мәселесіне тоқталды. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы хабарлады.

    "Шын мәнінде, әділдік болмаса, ешбір сала дамымайды. Халқымыз "Әділ істің – бәрі игі" деп бекер айтпаған. Құзырлы органдар, лауазымды тұлғалар шешім қабылдағанда осыны әрдайым есте ұстауға тиіс.

    Әділетсіз қабылданған шешім биліктің беделін түсіреді. Қоғамға іріткі салып, халықтың наразылығын тудырады. Сондықтан, ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Барлық мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етемін. Сонда ғана біз берекелі қоғам, мықты мемлекет боламыз.

    Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын", - деді президент.

    Тоқаев: Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.