jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Елде мәжіліс сайлауына қанша млн адам қатысты: алдын ала мәлімет жарияланды

    Бюллетень салып жатқан ер адам
    Сайдауда дауыс берген ер адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Орталық сайлау комиссия мүшелері Қазақстандағы барлық сайлау учаскесі жабылғаннан кейін сағат 22:10-да азаматтардың сайлауға қатысуына қатысты мәлімет берді. Деректер Орталық сайлау комиссиясының Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

    Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы бюллетеньдер алған.

    Оның ішінде:

    1. Абай облысы бойынша – 57,02%

    2. Ақмола облысы бойынша – 60,01%

    3. Ақтөбе облысы бойынша – 58,00%

    4. Алматы облысы бойынша – 60,03%

    5. Атырау облысы бойынша – 51,23%

    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%

    7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%

    8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%

    9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%

    10. Қостанай облысы бойынша – 65,10%

    11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21%

    12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%

    13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%

    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%

    15. Түркістан облысы бойынша – 53,01%

    16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%

    18. Астана қаласы бойынша – 42,91%

    19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%

    20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%.

    Көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, сайлауға дауыс беруге құқығы бар 12 млн азаматтың 6,5 миллионы, яғни 54,19 пайызы дауыс берген. Тұрғындардың ең аз дауыс беруі Алматы қаласында тіркелсе, ал Қызылорда облысы ең жоғары көрсеткішті көрсетті.

    Айта кетейік, 19 наурызда Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті.

    Қазақстандағы мәжіліс сайлауы бойынша Exit poll нәтижесі жарияланған еді.

    Елде мәжіліс сайлауына қанша млн адам қатысты: алдын ала мәлімет жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.