jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда Ұлттық пантеонға жерленетіндердің тізімі қайта қаралады

    Жерлеу
    Көрнекі фото: Рixabay.com

    Мәдениет және спорт министрлігі "Ашық" НҚА порталында "Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы" қаулыға енгізілген өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қаулы жобасы бүгін, 24 наурызда порталдың сайтында пайда болды. Қоғамдық талқылау алдағы 7 сәуірге дейін жалғасады.

    Авторлар Ұлттық пантеон аумағында жерлеуге жататын адамдардың тізімін өзгертуді ұсынды.

    Жобаның 5-бабына сәйкес пантеон аумағында мына қайтыс болған (қаза тапқан) адамдар жерленуге жатады:

    1. Қазақстан Республикасының президенттері;
    2. Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшілері, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалары;
    3. министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;
    4. "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған тұлғалар;
    5. "Алтын қыран", "Отан", үш дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерімен марапатталған азаматтар;
    6. "Кеңес Одағының Батыры", "Социалистік Еңбек Ері" атақтарына ие болған азаматтар;
    7. "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған азаматтар;
    8. Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар;
    9. Пантеонда жерлеуге жататын тұлғалармен олардың қайтыс болған (қаза тапқан) жұбайлары жерленуі мүмкін.

    Салыстырмалы жазбада қолданыстағы редакцияда президенттердің туыстары мен "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденінің иегерлері осындай құқыққа ие болғандығы айтылған.

    Ұлттық пантеонда, ұсыныстарға сәйкес, қайтыс болған (қаза тапқан) адамдар туралы мынадай мәліметтерді қамтитын жерлеуді тіркеу кітабы жүргізіледі:

    • қайтыс болған (қаза тапқан) адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);
    • қайтыс болған (қаза тапқан) адамның пантеонға келіп түскен және мәйітті жерлеген күні.
    Қазақстанда Ұлттық пантеонға жерленетіндердің тізімі қайта қаралады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.