jitsu gif
Саясат

    Тоқаев жаңарған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған.

    Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.

    Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.