jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жаңадан сайланған мәжіліс депутаттары ант берді (видео)

    Нартай Аралбайұлы ант беріп тұр
    Нартай Аралбайұлы. Фото: Парламент мәжілісінің YouTube арнасы

    VIII сайланған Қазақстан парламентінің депутаттары ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Парламент мәжілісінің жалпы отырысына сілтеме жасап.

    Жаңа шақырылымдағы мәжілістің алғашқы жалпы отырысы депутаттардың ант қабылдауымен басталды. Олар Конституцияға қолдарын қойып, Қазақстан халқына ант берді.

    "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен Заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", – деп ант берді жаңадан сайланған депутаттар.

    Еске салсақ, Қазақстанда 19 наурызда сайлау болды. Қазақстандықтар партиялық тізім бойынша мәжіліс депутаттарын, сондай-ақ бір мандатты аумақтық округтерден 29 депутатты сайлады.

    Жаңадан сайланған мәжіліс депутаттары ант берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.