Қазақстан үкіметінің құрамы қалай өзгерді
Жарияланған күні:

Қазақстанда 19 наурызда кезектен тыс өткен мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетті. Дегенмен, бүгінде үкімет толықтай қайта жасақталды. Осы орайда, Қазақстан үкіметінің құрамы қалай өзгергені жайлы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.
Министрлер кабинетінде кім өз орнын сақтап қалды
Бұған дейін де еліміздің үкімет басшысы болған Әлихан Смайылов өз қызметінде қалды.

Оның бірінші орынбасары болған Роман Скляр да қызметін жалғастырады.

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин де өз лауазымында қалды.

Премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев та бұрынғы қызметін жалғастырды.

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев та бұрынғы лауазымына қайта тағайындалды.

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов те сол қызметінде қалды.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов та өз орнын сақтап қалды.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та өз орнында қалды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те бұрынғы қызметін атқара береді.

Ғани Бейсембаев та өз орнын сақтап қалды – ол Оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды.

Ербол Қарашөкеев те Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқара береді.

Әділет министрі Азамат Есқараев та бұрынғы орнында қалды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров та қызметін жалғастырады.

Сонымен қатар Бағдат Мусин де Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін жалғастырады.

Бұдан бөлек Ажар Ғиният та еліміздің Денсаулық сақтау министрі болып қалды.

Тамара Дүйсенова да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды.

Зүлфия Сүлейменова да Экология және табиғи ресурстар министрі қызметін жалғастырады.

Дархан Қыдырәлі де Ақпарат және әлеуметтік даму министрі болып қалды.

Юрий Ильин де Төтенше жағдайлар министрі болып қалды.

Сондай-ақ Асхат Оралов та Мәдениет және спорт министрі қызметін жалғастырады.

Одан бөлек Марат Қарабаев та Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі лауазымында қалды.

Министрлер кабинетіндегі жаңа тұлғалар
Бұған дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болған Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі және премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Мұхтар Тілеубердіні алмастырды.

Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болып, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған Олжас Бектенов тағайындалды.

Ал "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы болған Алмасадам Сәтқалиев еліміздің Энергетика министрі болып, тағайындалды. Ол бұл қызметте Болат Ақшолақовтың орнына келді.

Болат Ақшолақов енді Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2015416-qazaqstan-ukimetinin-quramy-qalai-ozgerdi/