Қарабаев президентке кен орындарына жүргізілген тексеріс нәтижесі туралы есеп берді
Опубликовано:
Бүгін мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты қабылдады. Министр 800-ден астам жобадан тұратын жаңа индустриялық инвестициялық жобалар топтамасының іске асырылуы туралы да баяндады, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.
Ақорданың мәліметінше, кездесуде министрліктің қызметі және президент тапсырмаларының орындалу барысы, соның ішінде жолдардың сапасын жақсарту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа кен орындарына жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берілді. Марат Қарабаевтың айтуынша, заңбұзушылықтарға байланысты қатты пайдалы қазбаларды игеруге берілген 200-ден астам келісімшарт пен лицензия қайтарып алынды.
Министр 800-ден астам жобадан тұратын жаңа индустриялық инвестициялық жобалар топтамасының іске асырылуы туралы да баяндады.
Бұдан бөлек мемлекет басшысына көлік инфрақұрылымының дамуы жөнінде ақпарат берілді. Тиісті тапсырма бойынша Үкімет еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті. Сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру үшін вагон паркі тапшылығына қатысты мәселе шешіліп жатыр. "Stadler", "Alstom" және "Wabtec" компанияларының қатысуымен отандық зауыттарда вагон мен локомотив өндірісі басталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2015599-toqaev-industriya-zane-infraqurylymdyq-damu-ministri-marat-qarabaevty-qabyldady/