Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай "Қазақстан халқына" қорының мүшесі болды
Жарияланған күні:

Мәжіліс депутаты, белгілі журналист әрі тележүргізуші Мақсат Толықбай "Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды, деп хабарлайды қордың ресми сайты.
Қордың ресми хабарлауынша, дүйсенбі, 3 сәуір күні "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің кезекті бетпе-бет отырысы өтіп, онда бірқатар шешім қабылданған.
Отырыс барысында қамқоршылық кеңестің мүшесі болып мәжіліс депутаты, қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген белгілі журналист әрі тележүргізуші Мақсат Толықбай сайланған.
Мақсат Толықбай "Халық сүйіктісі – 2020", "Адал тұлға – 2021", сондай-ақ "Үздік тележүргізуші-2016, 2019" байқауларының жеңімпазы.
Айта кетейік, бұған дейін "Хабар агенттігі" АҚ директоры Берік Уәли алдағы аптадан бастап Мақсат Толықбаймен белгілі журналист Дана Нұржігіт кезектесіп "Хабар" арнасының басты саяси-қоғамдық ток-шоуын жүргізетінін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2015728-mazilis-deputaty-maqsat-tolyqbai-qazaqstan-xalqyna-qorynyn-qamqorsylyq-kenesinin-musesi-boldy/