jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақша барлық сұрағыңызға жауап беремін": жаңа министр 6 айда қазақ тілін меңгеруге уәде берді

    Алмасадам Сәтқалиев
    Алмасадам Сәтқалиев. Фото: sk.kz

    Таяуда тағайындалған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет кулуарында қазақ тілін меңгеруге алты ай уақыт сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгінгі үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері жаңа министрден Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылардың алдына неге шықпағанын қазақ тілінде түсіндіруді сұраған.

    Алмасадам Сәтқалиев бұл мәселе бойынша жауап бергенін мәлімдеген.

    Алайда журналистер министрдің сұраққа қазақ тілінде жауап беруін талап еткен.

    "Әрине, мен ана тілімді білемін. Бірақ маған тілді білу деңгейімді көтеру керек. Маған жарты жыл беріңіз. Сіздердің қазақша барлық сұрағыңызға жауап беретін боламын", - дейді Алмасадам Сәтқалиев.

    Сондай-ақ министр жауап сапалы болуы үшін орыс тілінде сөйлейтінін атап өткен.

    Айта кетейік, 4 сәуірде бұған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып, тағайындалды.

    Бүгін ол үкімет отырысында ант берді.

    "Қазақша барлық сұрағыңызға жауап беремін": жаңа министр 6 айда қазақ тілін меңгеруге уәде берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.