jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қызылорда-Жезқазған" автожолы қашан жөнделеді: Ұлытау облысының әкімі жауап берді

    бүлінген жол
    Жол. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы "Қызылорда-Жезқазған" автожолын қайта жаңарту бойынша жұмыстар қашан басталатынын айтты. Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында өңір әкімі негізгі жұмыс келесі жылы жүргізілетінін атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы "Қызылорда-Жезқазған" автожолын қайта жаңарту бойынша жұмыстар күзде басталатынын хабарлады. Негізгі жұмыс келесі жылы жүргізілмек.

    Сонымен қатар "Ұлытау–Арқалық автожолы жөнделуде және "Жезқазған – Қарағанды" жолында жұмыстарды бастау көзделген.

    "Жалпы облыс бойынша 7,5 млрд теңгеге 48 км республикалық және 35 облыстық маңызы бар автожол жөндеуден өтеді. Сондай-ақ 137,7 км қалаішілік және кентішілік жолдар жөнделеді», - дейді Ұлытау облысының әкімі.

    Еске сала кетсек, бұған дейін бұл тас жолға қатысты Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та пікір білдірген болатын. Нәлібаевтың сөзінше, биыл аталған автожолдың 140 км аяқталады деп күтілуде.

    "Қызылорда-Жезқазған" автожолы қашан жөнделеді: Ұлытау облысының әкімі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.