jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    БҚО-да ветеринарлық станцияларға су жаңа қызметтік көліктер берілді

    БҚО-да ветеринарлық станцияларға су жаңа қызметтік көліктер берілді
    Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Республика күні қарсаңында Оралда қалалық және аудандық ветеринарлық станциялар 18 көлікпен қамтылды. Темір тұлпар кілттерін сала қызметкерлеріне облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыс етті.

    Батыс Қазақстан облысы – аграрлы аймақ. Жергілікті экономиканың күре тамыры да – ауыл шаруашылығы. Сондықтан ветеринар мамандарға артылған жауапкершілік жүгі ауыр. Жергілікті билік бұл саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.

    «Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екенін айтты. Ал бұл тұста ветеринария саласының маңызы зор. Мал ауруларын азайту және алдын алу үшін ветеринарлық станциялардың жұмысына назар аударып жатырмыз. Тиімді жұмыс істеу үшін біз оларға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Облыстық бюджет есебінен 235 млн теңгеге қызметтік көліктер алынып, әр станцияға қолданысқа берілуде» деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиев.

    БҚО-да ветеринарлық станцияларға су жаңа қызметтік көліктер берілді
    Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Өңірде 13 ветеринарлық станция бар. Сала қызметкерлері жиі жолға шығып, алыс-жақын елдімекендерді аралайды. Ал олардың техникалық мүмкіндігі жыл сайын арта бастады.

    «Біз Жаңақала ауданынан келіп тұрмыз. Өзім сондағы ветеринарлық станцияда 3 жылдан бері еңбек етемін. Көлігіміз болған, бірақ әбден ескіріп тұр. Енді, міне, жаңа көлік берді. Қуаныштымыз!» дейді жүргізуші Қажымұқан Арыстанов.

    БҚО-да ветеринарлық станцияларға су жаңа қызметтік көліктер берілді
    Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Биыл аймақта ветеринария саласына мемлекеттік бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінген. Бұл былтырмен салыстырғанда 12 пайызға көп. Ветеринар мамандардың жалақысы 22 пайызға артты. Бұған қоса еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы қосылды. Әкімдік өкілдері алдағы жылы да салаға қолдау көрсетілетінін айтты.

    БҚО-да ветеринарлық станцияларға су жаңа қызметтік көліктер берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.