Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Сапар аясында Президент облыстың экономикалық даму барысымен және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысады, сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2049410-toqaev-zumys-saparymen-aqtobe-oblysyna-bardy/