jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшесі Гүлмира Илеуовамен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гүлмира Илеуова
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гүлмира Илеуова. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуованы қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұлттық құрылтай мүшесі, әлеуметтанушы Гүлмира Илеуовамен кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.

    Кездесуде Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, жастар арасында құндылықтарды насихаттау, соның ішінде еңбексүйгіштік, техникалық мамандықтарды дәріптеу туралы айтылды.

    Сонымен қатар Қазақстанды өркендетуге үлес қосатын ұлттық буржуазияны қалыптастырудың өзектілігіне, ұлттың бәсекеге қабілетін арттыру үшін білім культін нығайтуға, инновациялық ойлау жүйесін дамытуға, "Құқықтық тәртіп", "Әлеуметтік әділеттілік" қағидаттарына басымдық берілетін қоғамдық қатынастарды ілгерілетуге назар аударылды.

    Гүлмира Илеуова қоғамда кеңінен талқыланып жатқан мемлекеттік рәміздерге қатысты пікірін білдіріп, елтаңбаға және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатынасына байланысты ұсыныстарын жеткізді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.