jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау облысына қашан жаңа әкім тағайындалады

    Шенеунік11
    Ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

    Бүгін, 17 мамырда облыс әкімдігінде Маңғыстау облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары жиынға шақырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық мәслихат аппаратына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Маңғыстау облыстық мәслихаты 2024 жылғы 17 мамырда сағат 17:00-де Маңғыстау облысының әкімін тағайындауға келісім беру үшін облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлайды.

    Өтетін орны: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залы", - делінген хабарламада.

    Ведомство мәліметінше, тіркеу сағат 16:00-ден бастап жүргізіледі.

    Еске сала кетейік, 16 мамырда мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылған еді.

    Маңғыстау облысына қашан жаңа әкім тағайындалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.