jitsu gif
Саясат

    Маңғыстау облысында бес мемлекеттің әскери контингенті дайындық жүргізіп жатыр

    Маңғыстау облысында бес елдің жауынгерлік контингенті дайындық жүргізді
    Маңғыстау облысында бес елдің жауынгерлік контингенті дайындық жүргізді. Фото : Қорғаныс министрлігі

    Маңғыстау облысында Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери қызметшілерінің қатысуымен "Бірлестік-2024" халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов оқу-жаттығудың әскери басқару органдарына Қарулы күштері Бас штабының жедел директивасын тапсыра отырып,  жауынгерлік өкімнің мазмұнын жеткізді.

    Жауынгерлік жұмыстар барысында командирдің шартты қарсыластың көзін жою туралы шешімі қабылданды.

    Басқару пунктінің офицерлері жоспарлауды аяқтады. Әскерлерге практикалық көмек көрсетіп, олардың қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға дайындығын бақылау бойынша жұмыс жүргізілді.

    "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің штабы жаттығуға қатысушы мемлекеттердің әскери контингенттерімен бірлесіп, тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.