jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Сингапурмен инвестицияларды ратификациялау туралы заңға қол қойды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурмен инвестицияларды ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарда.

    Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

    Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Қазақстан үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойған.

    Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заңға қол қойған еді.

    Тоқаев Сингапурмен инвестицияларды ратификациялау туралы заңға қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.