jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Су тасқыны: үкімет батиметриялық зерттеулер жүргізуге 576 млн теңге бөлді

    Су тасқыны
    Су тасқыны. Көрнекі фото: pixabay.com

    Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

    Ресми мәлімет үкіметтің Telegram-дағы арнасында жарияланды.

    Бөлінген қаражат Су ресурстары және ирригация министрлігіне арналған. Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерге бағытталатын болады.

    Атап айтқанда, қаражатты "Қазсушар" ШЖҚ РМК "Су метрология" филиалына тікелей еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлерінің су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық түсірілім жүргізуге бағыттау жоспарлануда.

    Республикалық маңызы бар су қоймаларына батиметриялық зерттеу жүргізуді қоса алғанда, жұмыстар 2025 жылы жалғасады. Алынған деректер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-ға су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесіне енгізу үшін беріледі.

    Су тасқыны: үкімет батиметриялық зерттеулер жүргізуге 576 млн теңге бөлді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.