jitsu gif
Саясат

    Қызылордада инвестор қаржысына жаңа жылу-электр орталығы салынуда

    Нұрлыбек Нәлібаев
    Нұрлыбек Нәлібаев. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірде жаңа жылу-электр орталығы салынатынын айтты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес Сыр елінде ірі жоба жүзеге асуда. Қызылорда қаласында 215 млрд.теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.

    Жаңа құрылыс жылу-электр орталығы
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    "Президентіміздің тікелей қолдауымен бүгінде инвестор – "Акса Энерджи" түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд теңге инвестиция салды. Орталық келер жылдың қыркүйек айында ел игілігіне табысталады. Құрылыс барысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына бой көтерген ең ауқымды, теңдессіз жоба", - деді аймақ басшысы.

    Нұрлыбек Нәлібаев
    Нұрлыбек Нәлібаев. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін 773 қызметкер озық технологиялармен жабдықталған заманауи ғимаратта жұмыс істейтін болады.

    Жаңа құрылыс жылу-электр орталығы
    Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

    Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда.

    Жаңа құрылыс жылу-электр орталығы
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.