jitsu gif
Саясат

    Президенттің тапсырмасын орындамаған шенеуніктер енді жазаланатын болады

    Шенеунік11
    Ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

    Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппарат жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлықтарына өзгерістер енгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ НҚА эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді Қазақстан Республикасы президентінің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамаған немесе тиісінше орындамаған мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Бұл жазалар президенттің тапсырмаларын орындау барысында жіберілген кемшіліктерге байланысты қолданылмақ.

    Президенттің 2000 жылғы Жарлығына сәйкес, тәртіптік жаза мына жағдайларда қолданылады:

    • міндеттерді құқыққа қайшы немесе тиісінше орындамау;
    • билікті асыра пайдалану;
    • мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзу;
    • мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын бұзу;
    • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау.

    Сонымен қатар құжатта мемлекеттік органдарға 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, "Бірыңғай кадр жүйесі" ақпараттық платформасын енгізу тапсырылған. Бұл жүйе мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың кадрлық процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Тағы бір қосымшада мемлекеттік органдардың штат санын ұлғайту тек ерекше жағдайларда жүзеге асырылатыны көрсетілген:

    • төтенше жағдайларға ден қою қажеттілігі;
    • орталық мемлекеттік органдарды немесе олардың ведомстволарын құру;
    • әкімшілік-аумақтық құрылым өзгерісі;
    • президенттің жеке тапсырмасы бойынша.

    Сондай-ақ 100 бірліктен астам бос лауазымдар басқа мемлекеттік органдар арасында қайта бөлінбейді. Бұл талап президент әкімшілігі, парламент, үкімет, құқық қорғау және арнаулы органдар сияқты маңызды мекемелерге қатысты қолданылады.

    Құжатты толығырақ мына жерден оқи аласыз.

    eGov порталының деректері бойынша, тәртіптік жазаның келесі түрлері қарастырылған:

    • ескерту;
    • сөгіс;
    • қатаң сөгіс;
    • толық емес кәсіби сәйкестік туралы ескерту;
    • қызметін төмендету;
    • лауазымынан босату.
    Президенттің тапсырмасын орындамаған шенеуніктер енді жазаланатын болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.