Саясат

Зектілері

Алматы облысының прокуратурасы заңсыз митингілерге қатысты үндеу жасады

Жарияланған күні:

Полицейлер
Полицейлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысының прокуратурасы тұрғындарды заңсыз митингілерге қатыспауға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Талғар аудандық прокуратусына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысының прокуратурасы жиналыстар, митингілер, пикеттер сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізу "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңымен қатаң реттелетінін еске салды.

"Біз тұрғындарды жауапкершілік танытып, заңсыз митингілерге қатысуға шақыруларға еріп кетпеуді сұраймыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу заңды өрескел бұзу болып саналады және ауыр зардаптарға әкеп соғады. Бұл әрекеттер әкімшілік жауапкершілікке (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (Қылмыстық кодекстің 400-бабы) жатады.

Заңсыз әрекеттерге қатысу әкімшілік қамауға алуға, ірі көлемдегі айыппұлдарға, сондай-ақ қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз", - делінген хабарламада.

Прокуратура халықты заңды сақтауға шақырып, заңсыз әрекеттерге қатысу әкімшілік қамауға алуға, ірі көлемдегі айыппұлдарға, сондай-ақ қылмыстық қудалауға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

Еске салсақ, кеше, 10 желтоқан кешке Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстап әкеткені мәлім болды. Бұл жағдай Талғар ауданы Азат ауылында Нұрымовтың інісі Нұрғанат Ғайыпбаевты ақтық сапарға шығарып салғаннан кейін болған.

Кейін Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов "бұзақылық" айыбымен 15 тәулікке қамауға алынды. Сот Нұрымовтың бір қарындасына да дәл осындай жаза тағайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2198922-almaty-oblysynyng-prokuraturasy-zangsyz-mitingilerge-qatysty-undeu-zhasady/