Саясат

Зектілері

"Қандай мәселе бар екенін көруге болады": Бектенов әкімдерді жасанды интеллектіге жүгінуге шақырды

Жарияланған күні:

Компьютер алдында отырған роботтар
Жасанды интеллект. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев қазақстандық отбасыларға талдау жасап, ұсыныстарын берген жасанды интеллект жүйесін көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жүйе Қазақстандағы 6 миллионнан астам отбасын цифрлық форматқа көшірді, оған е-Өтініш азаматтардың өтініштері жүйесіндегі деректер мен әкімдіктер пайдаланатын ақпарат қосылды. Мәселен, 109 қызметі.

Жасанды интеллект арқылы біз көптеген дерек пен ұсыныстарды ала алдық, сондай-ақ Қазақстанның өңірлеріндегі белгілі бір саланың негізгі проблемаларын анықтай алдық", - деді министр Жаслан Мәдиев.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова жасанды интеллект отбасылар арасындағы қауіп факторларын анықтағанын атап өтті.

"Мұнда табысы жоқ 141 отбасы бар, олармен әкімдер нақты дербес жұмыс істеуі керек немесе адамдар кәсіп меңгеріп, жұмысқа орналасуы үшін оқуға жіберуге тиіс.

Баспанасыз отбасылар – 166. Әр санның артында белгілі бір отбасы тұр. ЖИ топ тақырыптарды таңдайды: әлеуметтік осал санаттар бойынша өтініштер – бұл сотқа дейінгі іс жүргізу, қоғамдық және жол қауіпсіздігі, ТКШ мәселелері, жерді пайдалану және сот ісін жүргізу мәселелері. АИ әкімдер жұмыс істеуі қажет проблемаларды да анықтайды", - деді министр.

Премьер-министр Олжас Бектенов ЖИ ұсынымдарын барлық әкімге жолдауды тапсырды.

"Көрдіңіз бе, ЖИ қазірдің өзінде әлеуметтік жағынан жеткілікті түрде қорғалмаған отбасылармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы ұсыныстар беріп жатыр.

Мұндай ұсынымдар барлық әкімдерге жіберілуГЕ тиіс. Жаңартылған ақпаратты апта сайын автоматты режимде жіберу қажет. Әр әкім өз жұмыс орнында осы ақпаратты ашып, қай жерде және қандай проблемалар бар екенін көруі керек.

Бұл жасанды интеллектінің тікелей пайдасы. Әрине біз бәрін қолмен талдай аламыз, бірақ оған қанша ресурстар мен уақыт қажет болады. Бұл процесті тездетеді. Бұл жұмысты жалғастыру керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2204114-qandai-masele-bar-ekenin-koruge-bolady-premer-ministr-akimderdi-zhasandy-intellektige-zhuginuge-shaqyrdy/