Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстанның бас мүфтиі болып қайта сайланды
Жарияланған күні:

Астанада өткен Мұсылмандардың Х құрылтайында Наурызбай қажы Тағанұлы бас мүфти болып қайта сайланды. Бұл жөнінде ҚМДБ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
ҚМДБ мәліметінше, құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат осы кандидатураға бірауыздан дауыс беріп, Наурызбай қажы Тағанұлын бас мүфти лауазымына қайта сайлаған.
"Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300-ге жуық делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, бас мүфти лауазымына қайта сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмыстарымыз бар. Мәселен, алдағы 2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толады. Мерейтой аясында жоспардағы көптеген игі істерді жұрт болып жұмылып, халық болып бірігіп атқаруға баршаңызды шақырамын", - деді Тағанұлы журналистерге берген сұқбатында.
Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти лауазымына екінші рет сайланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2205428-nauryzbai-qazhy-taganuly-qazaqstannyng-bas-muftii-bolyp-qaita-sailandy/