Саясат

Зектілері

Тоқаев бір топ ғалымды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюда
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Атап айтқанда, 4 ғалым "Парасат", 15 адам "Құрмет" орденіне ие болды.

Бұдан бөлек 6 маманға "Ерен еңбегі үшін" медалі берілсе, тағы 2 ғалымға "Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағы табыс етілді.

Ғылым саласындағы елеулі жетістіктері үшін

"Парасат" орденімен

  • Есімбекова Минура Ахметқызы – Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС зертханасының меңгерушісі
  • Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ионосфера институты" ЖШС бас ғылыми қызметкері
  • Қошқаров Серікбай – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КеАҚ профессоры
  • Яшков Владимир Александрович – Ғылым және жоғары білім министрлігі "С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" КеАҚ қауымдастырылған профессоры марапатталды.

"Құрмет" орденімен

  • Әділханов Тасболат Алпысбесұлы – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС бас консультанты
  • Баймұқанов Мирғали Төлеуғалиұлы – "Гидробиология және экология институты" мекемесінің директоры
  • Біләлов Дархан Нұрланұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Витковская Ирина Сергеевна – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ жетекші ғылыми қызметкері
  • Демченко Георгий Анатольевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Генетика және физиология институты" РМК зертханасының меңгерушісі
  • Ершебұлов Зәкір Жаппарұлы – Денсаулық сақтау министрлігі OtarBioPharm ЖШС директоры
  • Кәкімжанова Алмагүл Әпсаламқызы – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС зертханасының меңгерушісі
  • Крупа Елена Григорьевна – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Зоология институты" РМК бас ғылыми қызметкері
  • Күзембайұлы Аманжол – Ғылым және жоғары білім министрлігі "А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ профессоры
  • Қалтаев Айдархан – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Серікқанов Абай Серікқанұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының вице-президенті
  • Сқақов Мажын Қанапиұлы – Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" РМК бас ғылыми қызметкері
  • Сұраған Дүрбітхан – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі 
  • Тоқбергенов Исмайыл Тасанбиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының бас ғалым хатшысы
  • Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі марапатталды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Ахажанова Индира Әлібайқызы – Денсаулық сақтау министрлігі  OtarBioPharm ЖШС кіші ғылыми қызметкері
  • Еспембетов Болат Аманбайұлы – Денсаулық сақтау министрлігі  «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ЖШС зертханасының меңгерушісі
  • Қабылдин Қосман Маратұлы – Денсаулық сақтау министрлігі  «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ЖШС хлорлау станциясының операторы
  • Қондыбаева Аида Мұратқызы – Денсаулық сақтау министрлігі "С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті" КеАҚ PhD докторы 
  • Сәрсенбекұлы Бауыржан – "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ қауымдастырылған профессоры
  • Шустов Александр Вячеславович – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС зертханасының меңгерушісі марапатталды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағына ие болғандар:

  • Бакенов Жұмабай Бекболатұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі
  • Жұмабаев Бейбіт Тенелұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ионосфера институты" ЖШС бас ғылыми қызметкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2234646-toqaev-bir-top-galymdy-memlekettik-nagradalarmen-marapattady/