jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары дүниеден өтті

    Бахтияр Ғаболлаұлы
    Бахтияр Ғаболлаұлы. Фото: instagram.com/akimat__09

    Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бахтияр Ғаболлаұлы Айешов 58 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдіктің мәліметінше, Бахтияр Ғаболлаұлы 1967 жылы дүниеге келген.

    1990 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша, ал 2005 жылы Қазақстан-Ресей университетін экономика бакалавры дәрежесімен тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1994 жылы жеке секторда заңгер ретінде бастаған. 1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысып, бас маманнан бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарына дейінгі жолдан өткен. Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының атқарушы органдарында жауапты қызметтер атқарып, жоғары кәсібилігімен, принципшілдігімен және адалдығымен ерекшеленген.

    2020 жылдың 18 маусымынан бастап Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік және құқықтық жұмыстарды қадағалаған.

    "Бахтияр Ғаболлаұлы – тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар мінсіз беделге ие, адамдарға ілтипатты, әріптестері мен басшылықтың құрметіне бөленген жан еді.

    Оның жарқын бейнесі оны таныған және бірге жұмыс істеген жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

    Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары дүниеден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.