Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Түркістан әуежайынан шығарып салды (фото, видео)
Жарияланған күні:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Түркістан әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді.
Мәртебелі мейманды президент Түркістан әуежайынан қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, "Әзірет Сұлтан" музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді.
Сондай-ақ олар Turkistan визит орталығына барды. Меймандарға көне "Күлтөбе" қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді.
Бүгін Қазақстан президент мен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы бейресми кездесу өткізді.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2238237-toqaev-gurbanguly-berdimuhamedovti-turkistan-auezhaiynan-shygaryp-saldy-foto-video/