jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады": Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Руслан Желдібайдың Telegram-дағы арнасында жазуынша, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген.

    Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленген. Атаулы күнге орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтаған.

    "Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады", - делінген құттықтауда.

    "Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады": Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.