jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев: Ел ішіне іріткі салғысы келетіндер заңға сәйкес қатаң түрде жауапқа тартылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Ел ішіне іріткі салғысы келетіндер заңға сәйкес қатаң түрде жауапқа тартылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің айтуынша, бүгінде түлектердің 80 пайызға жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік тілде тапсырады. Биыл алғаш рет мектепке баратын балалардың 70 пайыздан астамы қазақ тілінде оқитын болады.

    "Әрине, елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды "мына тілде сөйле" деп мәжбүрлемеуге тиіс. Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады.

    Бұл ретте үй ішіндегі ғана емес, шетелде отырып әлдебір ұйымдардың ақшасы мен тапсырмасына деструктивті әрекетпен айналысатын арандатушылар туралы да айтып отырмыз.

    Былтыр мен Ұлттық құрылтай отырысында бірлік, отаншылдық, тәуелсіздік және келісім мемлекетіміздің негізгі құндылықтары деп атап көрсеттім. Бәрі де осы құндылықтардан басталады.

    Сондықтан осы жерде тағы да қайталап айтқым келеді: халқымыздың татулығын бұзып, ел ішіне іріткі салғысы келетіндер заңға сәйкес қатаң түрде жауапқа тартылады, тиісті жазасын алады. Ал ынтымақ пен бірлікті нығайтуға үлес қосқан азаматтар әрдайым зор құрметке ие болады", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Тоқаев: Ел ішіне іріткі салғысы келетіндер заңға сәйкес қатаң түрде жауапқа тартылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.