jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Вьетнамнан келген жоғары лауазымды мейман мен оның жұбайына шапан жапты (фото, видео)

    То Лам мен Қасым-Жомарт Тоқаев
    То Лам мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам мен оның жұбайына қазақтың салт-дәстүріне сай құрмет көрсетіп, шапан жапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мемлекет басшысы мен қазақтың шапанын киген құрметті қонақтардың фотосы Telegram-дағы Борт №1 арнасында жарияланды.

    Фото сипаттамасында ақын Қадыр Мырза Әлінің "Қазақ осы" әнін үзінді келтірілген.

    Айта кетейік, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

    "Сіздің Қазақстанға мемлекеттік сапарыңыздың тарихи маңызы зор. Бұл қазақ-вьетнам қатынасын дамытудың маңызды кезеңі басталғанын көрсетеді. Бүгінгі келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық серіктестік орнатуға келістік.

    Бұл үшін мол перспективаға жол ашатын саяси ерік-жігер мен сауда-экономикалық әлеует жеткілікті. Екі ел арасындағы достықты нығайтуға айрықша үлес қосқаныңызды атап өткім келеді. Осы орайда сізге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – І дәрежелі "Достық" орденін табыстауға рұқсат етіңіз. Қазақстан мен Вьетнам ықпалдастығын одан әрі арттыруға қолдау көрсете бересіз деп сенемін", - деді мемлекет басшысы.

    То Лам Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасын тапсырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақ халқына алғыс айтты.

    Тоқаев Вьетнамнан келген жоғары лауазымды мейман мен оның жұбайына шапан жапты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.