jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Қуаныш Сұлтановты мемлекеттік наградамен марапаттады

    Қуаныш Сұлтанов
    Қуаныш Сұлтанов. Фото: senate.parlam.kz

    Мемлекет басшысының жарлығымен Қуаныш Сұлтанов "Отан" орденімен наградталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов "Отан" орденімен наградталды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Қуаныш Сұлтанов бүгін, 12 мамырда 80 жасқа толды.

    Қуаныш Сұлтанов көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­кері, журналист, саясаттанушы, дипломат, профессор. Саяси ғылымдардың кандидаты, докторы, Қазақстан саяси ғылымдар академиясының академигі.

    1991-1993 жылдары еліміздің Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі, 1993-1994 жылдары премьер-министрдің орынбасары, 1994-1995 жылдары Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары болған.

    1995-2011 жылдары Қазақстанның Қытай, Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Кореядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.

    2001-2011 жылдары парламент сенатының, 2012-2016 жылдары парламент мәжілісінің депутаты болды.

    Сенаттың сайтындағы мәлімет бойынша, Қуаныш Сұлтанов "Еңбек Қызыл Ту", "Парасат", ІІ дәрежелі "Барыс" орден­дерімен марапатталған.

    Сондай-ақ ол – "Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері", "Қазақстан Рес­публикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қай­раткері", "Қазақстанның құрметті журналисі".

    Отандық жур­налистиканың дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан жур­налистика академиясы тағайын­даған "Алтын самұрық" жүлдесін алған.

    Қуаныш Сұлтановтың қаламынан "Қар­лы­ғаштар", "Жастар екпіні", "Қа­зақстан комсомолы", "Та­ныс, бейтаныс – Тәуелсіздік", "Қа­зақстан – Қытай: тарих және бүгінгі күн", "Қазақстан – Қытай – құжаттар мен ма­териал­дар", "Алыптың оянуы" (Қытай реформалары туралы очерктер, телавтормен), "Қа­зақстандағы және Қытайдағы ре­формалар", "Мүдделер тоғысы. Перекресток интересов", "Қа­зіргі заманғы саяси процесс", "Серпінді кезең", "Заман және замандастар", "Қазақтың жаңа дәуірі", "Елбасы және қазақ мемлекеттігі" кітаптары өмірге келген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.