Ақордада Абу Дабидің Тақ мұрагерін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті (фото, видео)
Опубликовано:

Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әнұрандары шырқалған.
Айта кетейік, 11 мамырда Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді.
Сапар аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері жоғары деңгейде талқыланады деп күтіліп отыр.
Қазақстан үкіметінің мәліметінше, БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі мемлекеттің басшылығы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдап жатыр.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2244045-aqordada-abu-dabiding-taq-muragerin-saltanatty-qarsy-alu-rasimi-otti-foto/