jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

    һҰлттық банктің жылдық есебіне арналған жиын
    Ұлттық банктің жылдық есебіне арналған жиын. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілген.

    Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалған.

    Ұлттық банктің жылдық есебіне арналған жиын
    Ұлттық банктің жылдық есебіне арналған жиын. Фото: akorda.kz

    Жиын барысында Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған.

    Сонымен қатар республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, "Банктер және банк қызметі туралы" жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылған.

    Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.