jitsu gif
Саясат

    Бақытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

    ЕЭК алқасының төрағасы
    Бақытжан Сағынтаев. Фото: eec.eaeunion.org

    Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ЕЭК-тің ресми сайтына сілтеме жасап.

    "Сіз ұсынған реформалар мен идеяларды сәтті жүзеге асырудың арқасында Қазақстан заманауи экономикасы бар әлемдегі беделді елдердің біріне айналды. Оның Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы рөлі мен ықпалы тұрақты түрде артып келеді", - делінген құттықтауда.

    Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан Республикасы мен оның азаматтарының игілігі үшін жаңа жетістіктер тіледі.

    Еске сала кетейік, бүгін, 17 мамыр – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Ол 72 жасқа келді.

    Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан президентінің туған күніне орай мерекелік іс-шаралар жоспарланбағанын хабарлады.

    "Президент туған күнін атап өтпейді", - деді президенттің баспасөз қызметі өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.