jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады

    Путин мен Тоқаев қол алысып тұр
    Фото: Ақорда

    Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Кремль-ге сілтеме жасап.

    "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

    Туған күніңізбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.

    Сіздің мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қарым-қатынас Ресей мен Қазақстанның бауырлас халқының игілігі және еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесі үшін алдағы уақытта да жемісті дамитынына сенімдімін.

    Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке және мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін", - делінген Владимир Путин жолдаған құттықтау жеделхатында.

    Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.