jitsu gif
Саясат

    Тоқаев осы аптада Мажарстанға барады

    Президент борты
    Президент борты. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері Мажарстанға барады, деп хабарлайды Ақорда.

    "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Еске сала кетейік, биыл қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесіп, оны Қазақстанға сапар шегуге шақырған.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанда 2024 жылы қарашада мемлекеттік сапарға шықты. Оны Будапешт әуежайында Виктор Орбан күтіп алды.

    Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен кездесті. Түскі ас форматында өткен кездесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын талқылады.

    Қазақстан басшысы Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанның атынан салтанатты қабылдауға қатысты.

    Сондай-ақ іссапары кезінде мемлекет басшысы Будапештте қазақстандық студенттермен кездесіп, сөйлескен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.