Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға табан тіреді (видео)
Опубликовано:

"Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысу үшін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгін, 30 мамырда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді. Ол "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысады.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келгенін хабарлағанбыз.
Сондай-ақ Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов әуежайдан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёвті күтіп алған еді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2250687-tazhikstan-prezidenti-emomali-rahmon-astanaga-taban-tiredi-video/