jitsu gif
Саясат

    Тоқаев ҰҚК-нің басшылық құрамымен жиын өткізіп, бірқатар нақты тапсырма берді

    Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізуде
    Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізуде. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысқан.

    Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілген.

    Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өткен.

    Жиын соңында президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.