jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Мәжіліс депутаттары Астанада жұмыстың басталу уақытын өзгертуді ұсынды

    сағат
    Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мәжіліс депутаттары Астанада жұмыстың басталу уақытын таңғы 8 бен 8:30-ға өгертуді ұсынды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Мәжіліс депутаттары елордадағы барлық мемлекеттік мекеменің жұмыс кестесін "қайта қарау керек" деп отыр. Олардың айтуынша, жұмысты, әдеттегідей, таңғы сағат тоғызда емес, сегізде бастасақ, көше көлік нөпірінен біршама босап, кешкі уақытта да адамдардың жақынына көңіл бөлуіне мүмкіндік туады.

    Жаңа бой көтерсе де, тар салынған Астана көшелерінде күнделікті жарты миллионға жуық автокөлік жүйткиді. Таңғы уақытта негізгі қозғалыс сол жағалаудың орталығында қыз-қыз қайнайды. Сол себепті депутаттар бірнеше деңгейлі жолайрық пен ені кең магистраль салып, жұмыс кестесін өзгерту арқылы мәселені шешуге болады деп отыр.

    "Еңбекке қабілетті елордалықтардың басым бөлігі мемлекеттік, квазимемлекеттік және бюджеттік мекемелерде қызмет атқарады. Сол үшін жұмыс кестесін таңғы 8 бен 8:30-да бастауды ұсынамыз. Шетелдің тәжірибесіне сүйенсек, ірі қалаларда бұл қадам жақсы нәтиже берген", - дейді мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.