Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісін қызметінен босатты
Опубликовано:

Амангелді Оразалыұлы Омарбеков Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
Ақорданың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Амангелді Омарбеков 1982 жылы дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша, Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасын әскери және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.
2005-2016 жылдары арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет еткен.
2016 жылдан 2022 жылдың тамыз айына дейін Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінде инспектор, сектор меңгерушісі, хатшылық меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылы 22 тамызда мемлекет басшысының өкімімен Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2255115-toqaev-qauipsizdik-kengesindegi-ortalyqtyng-menggerushisin-lauazymynan-bosatty/