jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сара Жармұхамбетова Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

    Сара Жармұхамбетова
    Сара Жармұхамбетова. Видеодан кадр: facebook.com/futureofkazakhstan

    Сара Жармұхамбетова Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында.

    "Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша сенат депутаттары Сара Азымбекқызы Жармұхамбетованы Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатуға дауыс берді. Бұл мәселе Сенаттың тиісті комитетінде алдын ала қаралды", - делінген сенат аппаратының басшысы Максим Споткай бөліскен хабарламада.

    Айта кетсек, Қазақстан Республикасы президентінің ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын сайлау және қызметтен босату сенаттың айрықша өкілеттіктеріне жатады.

    Параграф ақпараттық жүйесіндегі мәліметке сүйенсек, Сара Жармұхамбетова бұрынғы Семей, қазіргі Абай облысында дүниеге келді. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (заңгер) тәмамдаған.

    Еңбек жолын адвокат тағылымгері, Семей облысы адвокаттар алқасының адвокаты (1983-1992) болып бастаған. Кейін Семей облыстық төрелік соты судьясының мәіндеттерін атқарушы, судьясы (1997-1998), Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы (1997-1998), Семей қалалық сотының судьясы (1998-2001), Астана қаласы ұйымдастыру-талдау басқармасының бастығы (2001-2005), Жоғарғы соттың ұйымдастыру-талдау бөлімінің меңгерушісі (2005-2006), Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрайымы (2006-2009), Астана қаласындағы Есіл аудандық сотының төрайымы (2009-2012), Астана қаласындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы (2012-2014), Астана қалалық сотының судьясы (2014-2015) болған.

    2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Жоғарғы соттың судьясы қызметін атқарған

    "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астананың 10 жылдығы" медальдарымен марапатталған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.