jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев үздік нәтиже көрсеткен академия түлектеріне бірден "аға лейтенант" шенін беруді ұсынды

    Офицерлік шен тапсыру рәсімі
    Офицерлік шен тапсыру рәсімі. 2025 жылғы 4 маусым. Фото: Ақорда

    Президент үздік нәтиже көрсеткен және үлгілі тәртібімен ерекшеленген академия түлектеріне бірден "аға лейтенант" шенін беруді ұсынды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысының айтуынша, ведомстволық жоғары оқу орындары курсанттарына жағдай жасап, ынталандыру маңызды.

    "Олар – біздің күштік құрылымдардың болашағы. Оқуда үздік нәтиже көрсеткен және үлгілі тәртібімен ерекшеленген академия түлектеріне бірден "аға лейтенант" шенін беру қажет деп санаймын.

    Сондай-ақ оларға бос жұмыс орындарынан өзі қалаған қызмет түрін таңдауына мүмкіндік берілуі керек. Үкімет заңға енгізілетін өзгерістерді әзірлесін", - деді президент.

    Айта кетейік, отырыста президент ауылдағы учаскелік инспекторларға шен берген кезде жеңілдік жасап, яғни бір жылдық еңбек өтілін 1,5 жыл деп есептеу қажеттігі туралы да айтқан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.