jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағалығынан кетті

    Руслан Берденов
    Руслан Берденов. Фото: Шымкент қаласы әкімідігінің баспасөз қызметі

    Бұрынғы мәжіліс депутаты, қазіргі Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағасы қызметін кетті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

    Агенттіктің жазуынша, бұл ақпаратты партия баспасөз қызметінің өкілі растаған.

    Естеріңізге сала кетейік, Руслан Берденов биыл 24 ақпанда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Көп ұзамай оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

    Руслан Берденов 2023 жылғы наурыздан бастап мәжілістің VIII шақырылымның депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған еді.

    21 сәуірде Берденовке шабуыл жасалды. Дәрігерлер оған шұғыл түрде ота жасалғанын, ота төрт сағаттан аса уақытқа созылғанын жеткізді.

    Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    25 маусымда Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тергеу аяқталғаны хабарланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.