jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағалығынан неге кеткенін түсіндірді

    Руслан Берденов
    Руслан Берденов. Фото: instagram.com/ruslan_berdenov

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағасы қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Айта кетейік, бұған дейін Руслан Берденовтің Respublica партиясының тең төрағалығынан кеткенін жазған едік.

    Берденовтің айтуынша, бұл шешім саналы түрде және өзіне қатысты бірқатар объективті себепке байланысты қабылданған.

    "Біріншіден, белгілі болғандай, қазіргі уақытта мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметті саяси партиядағы жетекшілік қызметпен қатар алып жүруге жол берілмейді. Мен заң талаптарын құрметтеймін және оны қатаң сақтаймын.

    Екіншіден, партияның ішкі қағидаттарына сәйкес, партия мүшелері мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқара алмайды. Біз саяси үдерістерге қатысу партия ішіндегі билік құрылымымен араласпауы тиіс деп санаймыз.

    Үшіншіден, қазіргі таңда денсаулығымды қалпына келтіруге баса назар аударып жүрмін. Мен әрдайым жұмысыма жоғары жауапкершілікпен қарап келдім, бұдан кейін де мемлекеттік қызметтегі лауазымымды өз деңгейінде атқаруым керек. Сондықтан да дәл қазір өзімді жақсы сезіну үшін күш-қуатымды соған салудамын", - жазды Руслан Берденов Instagram желісіндегі парақшасында.

    Шенеунік партия жолының бастауындағы құндылықтар мен идеяларға адал болып қала беретінін атап өтіп, бірге жұмыс істеген әріптестеріне алғысын айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.